Жарияланды: 650

Қазақстан жетістіктері Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың есімімен байланыстырылады - Беларусьтегі кездесу

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралар аясында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов Минск облысының Слуцк қаласында болды. Бұл туралы дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Слуцк ауданының активімен кездесу барысында Е.Бөлегенов жиналғандарды ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың егеменді Қазақстанды қалыптастыру және посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процестерді дамытудағы рөлімен таныстырып өтті. Дипломат сондай-ақ Ұлт көшбасшысының басшылығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы табыстары және сыртқы саяси жетістіктері, қазақстандық-белорусь ынтымақтастықтың жай-күйі мен мен болашағы туралы баяндады. Актив жиналысына қатысушылар бұл ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, Қазақстан Беларусь үшін достас және бауырлас мемлекеттердің бірі екенін, ал ел табыстарының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырылатынын атап өтті. Қазақстан көшбасшысы ТМД-дағы ықпалдастықтың негізгі бастамашысы болып табылады. Слуцк аудандық атқару комитетінің төрағасы Владимир Доманевский қазақстандық дипломаттан Қазақстанмен бауырлас қарым-қатынастарды орнату үшін бір қаланы ұсынуын сұрады. Е.Бөлегенов сондай-ақ Слуцк ауданында бірқатар қала тұрғындарының басым бөлігін жұұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорындарда болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін