Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін

Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімді үзуі мүмкін


Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты үзуі мүмкін. ЗБұл туралы үкімет кулуарында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • 5 Шiлде 2022
  • 907
Фото - Caravan.kz

"Егер кеме Қазақстанда және халықаралық құқықта қабылданған құқықтық нормаларға сай келмейтін тасымалмен айналысса, әрине, келісімшарт бұзылады және кеме кері қайтарылады", — деді Өскенбаев кулуарда.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Қазақстанның "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Осыдан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Жібек жолы" жүк кемесінің ресейлік жалға алушысынан Бердянсктен Түркияға тасымалданған астықтың иесі қай ел екенін нақтылауды талап етті.

2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ("Жібек жолы" кемесінің иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен 2022 жылдың 30 қарашасына дейін бербоут-чартер шартын жасасқан. Содан кейін "Грин-Лайн" эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге келісімшартқа отырған.


Соңғы жаңалықтар