ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ НАГРАДАЛАРЫ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ НАГРАДАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ НАГРАДАЛАРЫ

Қазақстан журналистер одағының басқармасы ең үздік жұмысқа жарияланған республикалық шығармашылық конкурс қорытындысын қарап шығып, 2011 жылғы Қазақстан журналистер одағы сыйлығының Лауреаттары атағын келесідей номинациялар бойынша белгіледі:

  • 27 Маусым 2011
  • 658
Фото - Caravan.kz


Репортерлік жұмыс –Волков Виталийге, «Немецкая волна» радиосының журналисті, — Орталық Азиядағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар туралы жедел хабар таратқаны үшін.
Экономикалық шолу — Макушина Оксанаға, «Голос Республики» газетінің бас редакторының орынбасары, — еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдарды шығауды ұйымдастырғаны үшін.
Саяси шолу — Дубнов Аркадийге, «Московские новости» газетінің саяси шолушысы, — «Новая газета – Казахстан» газетінде жариялаған посткеңестік елдердегі азаматтық қоғамның даму жолдары туралы публицистикалық мақалалары үшін.
Журналистік зерттеулер – Мәкімбай Бақытгүлге,«Общественная позиция» газетінің бас редакторы, — сыбайлас жемқорлық пен қаржылық бұзушылықтарға қарсы күрес туралы талдамалық мақалалары үшін.
Іздену материалдары – Арцишевский Адольфқа, «Central Asia monitor» газетінің шолушысы, қазақстандықтардың жаңа буын-ұрпағын адамгершілкке тәрбиелеу туралы сұхбаттар топтамасы үшін.
Теледидарлық жұмыс – Нұрғалиева Сараға, «Қазақпарат» агенттігінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы арнайы тілшісі, — еліміздің ғарыш саласының дамуына арналған «Әлем көшпендісі» телефильмін дайындағаны үшін.
Зерттеу жұмысы – Жампейісов Әшімханға, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қарағанды– Қазақстан» филиалының журналисі, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған публицистикалық хабарлар топтамасы үшін.
Фотожұмыс–Мальцев Юрийге (қайтыс болған), фотосуретші, — «Безграничный мир большого человека»фотоальбомын дайындаудағы кәсіби шеберлігі үшін.
Медиа — жоба– Шаштайұлы Жұмабайға,«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, — әдеби басылымда журналистік озық дәстүрлерді қайта жаңғыртқаны үшін.

«Казинпресс» редакциялық-баспа тобы «Tengrinews.kz»интернет-порталының шығармашылық ұжымын ақпараттық қызмет жұмысын ұйымдастырғаны үшін Амангелді Ахметәлімовтың атындағы сыйлықпен наградтайды.

Халықаралық «Қазақстан – ZAMAN» газеті Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен тараздық «Ар-Ай» жастар газетінің фототілшісі Картаев Алтынбекті марапаттайды.

Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қазақстандық баспасөзді дамытуда қосқан үлесі үшін Қазақстан журналистер одағынынң дипломдарымен келесідей шығармашылық ұжымдар наградталады: «Айғақ – ТВ» телерадиокомпаниясы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, «КТК» телеарнасы, «Добрый вечер!» газеті (Петропавл),«Караван», «Надежда» (Орал), «Уйгур авази» газеттері,«Аль-Пари» журналы.

Баспасөзге қолдау көрсетіп және журналистермен өзара түсіністігі үшін Қазақстан журналистер одағының дипломдарымен келесідей тұлғалардың қызметтері аталып өтілді: Бейсембетов Ескендір –Қазақ-Британ техникалық университет ректоры, Бекбанова Жанар – «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің жетекшісі, Ыдырысов Ерлан – Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі, Қажыбева Раушан – ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметінің жетекшісі, Миятович Дуни – ЕҚЫҰ өкілдігінің БАҚ еркіндігі жөніндегі басшысы, Отунбаева Роза – Қырғыз Республикасының президенті, Шаяхметова Үміт – «Қазақстанның Халық банкі» басқармасының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар