Конгресс мүшелері заң жобасын жасауда «келіссөздер үстелінің басына саяси мүддесі өзара кереғар болып келетін сан алуан адамдарды жинай отырып өзара белгілі бір келісімге келгендей болды»,- деді Д.Назарбаева. Оның пікірінше, бұл заң жобасы журналистің кәсіби өмірінің сан қырларын қамтыған. «Ол журналистің қоғам алдындағы жауапкершілігі аясын реттейді. Екінші жағынан ол еліміздегі және қоғамдағы журналистер қоғамдастығының құқығын заңдастырып, осы қоғамдастықтың мүддесін қорғайды».
Сонымен бірге Конгресс мүшелері заң жобасында «БАҚ-тар еліміздің ішкі саяси өмірінде қандай роль атқаруға тиіс және шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер кез-келген жарияланымға қалай жауап беруге тиіс дегенге ақырғы нүкте қоюға тағы бір талпыныс жасады»,- деді Д.Назарбаева. Осы орайда ол Қазақстан президенті өзінің халыққа арнаған жолдауында: «егер кез-келген шенеунік сыни мақалаға пысқырып та қарамайтын босла, бұл — әлгі адамның үстінен қызмет бабындағы тексеруді бастауға сылтау болуға тиіс» деп атап көрсеткенін еске салды.
Тұтастай алғанда, Д.Назарбаеваның пайымдауынша, конгресс әзірлеген «БАҚ туралы» заңның жобасы «айтарлықтай либералдық жоба» болмақ.
Медиазаңнама тақырыбы 21-23-сәуірде Алматыда өтетін Еуразиялық медиафорумда да талқыланатын басты мәселелердің бірі. Д.Назарбаеваның айтуынша, «форумда медиақауымдастықты толғандыратын мәселелер ғана емес, сонымен бірге, саяси тақырыптар, жаҺандану мәселесі, осы жаҺандану құбылысымен ілесе жүретін проблемалар да сарапқа салынады»,- деді Қазақстан журналистері конгресінің атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева. Оның айтуынша, медифорумда жабық тақырыптар болмайды. «Біз айрықша өзекті, ең шиеленісті тақырыптарды да қозғаудан қорықпаймыз, соның ішінде әлемдік процестер мен Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылаудан да қорықпаймыз»,- деді ол. «Қарсыластың көзіне тіке қарап, келіссөздер үстелініің басында көзбе-көз кездесу әлдеқайда ардық»,- деді Қазақстан журналистері конгресінің атқару комитетінің төрайымы.