Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін сақтап қалуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін сақтап қалуды сұрады

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін сақтап қалуды сұрады

Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін сақтап қалуды сұрады. Бұл туралы бүгін, 7-желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

Д.Назарбаева Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктер мерзімі 2005-жылы аяқталатынын еске салды. «Біз бұл жеңілдіктер үшін Елбасына ризашылығымызды білдіреміз»,- деді ол. Д.Назарбаеваның пайымдауынша, Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктер отандық БАҚ-тардың аяғынан тұруына септігін тигізді. «Алайда дәл қазір отандық БАҚ-тар шетелдік БАҚ-тармен бәсекелесуге дайын деп айта алмаймыз»,- деді ол. Д.Назарбаеваның айтуынша, «Қуатты әрі азулы БАҚ дегеніміз — ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының ажырамас бір құрамды бөлігі болмақ».

Осы орайда Д.Назарбаева журналистердің 4 конгрессі 2005-жылдың ақпан айында өтетінін хабарлады.

Перейти к новостям спорта