Регламентке сәйкес, Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитеті бір жыл мерзіммен сайланады, деді С.Матаев.
«Медиақоғамдастықтың мүддесі үшін белсенді іс тындыруға алда менің бүтін бір жыл уақытым бар»,- деді Д.Назарбаева. Ол «бір терінің пұшпағын бірлесе илейтін әріптестері тарапынан қолдауға» сенетінін атап өтті.
Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінің кезекті отырысы 2007-жылдың наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында Қостанайда өтеді деп межеленді. Онда кәсіби журналистерді дайындау мәселесі қаралады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті