Қазақстан журналистерінің Этикалық кодексі қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің Этикалық кодексі қабылданды

Қазақстан журналистерінің Этикалық кодексі қабылданды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан журналистерінің Этикалық кодексін қабылдау жөніндегі отырыс өтті.

  • 30 Қазан 2012
  • 444
Фото - Caravan.kz

Құжаттың жобасын Қазақстан Журналистері одағы Бас редакторлар клубы еліміздің бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе әзірледі.

Отырысқа республикалық мерзімді басылымдардың бас редакторлары, телеарналар мен ақпараттық агенттіктердің басшылары, сонымен қатар Қазақстан Журналистер одағының өңірлердегі филиалдарының жетекшілері, жалпы алғанда 100-ге жуық адам қатысты.

Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, Кодекс дер кезінде қабылданып отыр. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған ұсыныстар бойынша әзірленді.

Кодексте көрсетілгендей, бұл құжатқа «Қазақстанның журналистері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің моральдық-этикалық қағидаттары мен кәсіби қызметінің нормаларын қалыптастыратын Қазақстан Республикасы журналистерінің Этикалық кодексі» деген анықтама берілген.

Құжатта 8 бап бар. Олар кәсіби парыз, әлеуметтік жауапкершілік, сенімділік және объективтілік деген сияқты тақырыптармен беріліп, журналист қызметінің негізгі қағидаларын қысқа да нұсқа нақтылайды. Құжаттың қорытындысында «кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді» делінген.

Соңғы жаңалықтар