Қазақстан журналистерінің конгрессі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің конгрессі  "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын жасап шығарды

Қазақстан журналистерінің конгрессі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын жасап шығарды

Қазақстан журналистерінің конгрессі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның жаңа жобасын жасап шығарды. Бұл туралы бүгін, 3-қыркүйекте Журналистер конгрессі атқару комитетінің отырыс қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында комитет төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 607
Фото - Caravan.kz

Д.Назарбаеваның айтуынша, заң жобасына «қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» заңдағы, сондай-ақ, мемлекет басшысы кері қайтарған жобадағы және ақпарат министрі таяуда ұсынған заң жобаларындағы ең озық, ең таңдаулы нормалар енгізілгендіктен», одан су жаңа бірдеме іздеудің қажеті жоқ. «Біз сол арқылы шиеленіс іздеп отырған жоқпыз, және біздің жобамыз басқа жобалардан артық немесе кем деген уәж айтудан аулақпыз»,- деді Қазақстан журналистері конгрессінің төрайымы. «Біз бүгінге дейін ортаға салынған барлық идеялар мен бұған дейін ұсынылған заң жобаларындағы озық нормаларға мейлінше обьективті қарауға тырыстық».

Д.Назарбаеваның хабарлауынша, бүгіннен бастап Қазақстан Журналистері конгрессі атқару комитетінің мүшелері «заң жобасын тағы бір тәптіштеп, түзетулер енгізу үшін шамалы үзіліске шықты». Осы жұмыс аяқталғаннан кейін құжат орталық және аймақтық баспасөз беттерінде жарияланатындықтан, «мүдделі тараптардың барлығы да заң жобасын талқылауға мүмкіндік алады».
Д.Назарбаева заң жобасымен жұмыс істеу барысында Қазақстан Журналистері конгрессінің өкілдері шешіміне баса назар аударған «айрықша маңызды үш проблеманы» бөле-жара атады. Атап айтқанда, Конгресс атқару комитетінің төрайымы «сот органдары жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету». Бүгінгі заңдарда соттардың ашықтығы мен журналистердің сот процессіне қатыса алу мүмкіндігі ескерілгеніне қарамастан, «жергілікті жерлерде сот төрешілері БАҚ өкілдерінің осы құқығын жүзеге асырудан бас тартуға түрлі мүмкіндіктерді тауып бағуда». «Тиісті заңға сәйкес, журналисті сот залына жібермеген судьяға жаза жүктеу тұрғысында журналистің әділеттілікке қол жеткізгені туралы бірде-бір оқиғаны білмейміз»,- деді Д.Назарбаева. «Дәл осы сот жүйесі бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігінің наразылығын тудырып отырғандықтан», маңызды болмақ, деді ол. Сол себепті ұсынылып отырған заң жобасында «сот органдарының ақпарат бермегені немесе журналистерді сот процессіне жібермегені үшін жүктейтін жауапкершілігін арттыруға» бағытталған шаралар ескерілген.
Қазақстан журналистері конгрессінің төрайымы тағы бір маңызды мәселе ретінде айтыла-жазыла жауыр болып, жылдар бойы шешілмей келе жатқан «журналистердің ақпаратқа қол жеткізе алмау» пробемасын атады. Қазіргі таңда лауазым иелері кез-келген сылтауды көлденең тартып, журналиске ақпарат беруден бас тарта алады. «Кейде сұраныс берген сәттен бастап сұхбат алғанға дейін 6-7 ай, кейде тіпті бір жыл өтетін жайттар кездеседі»,- деді Д.Назарбаева. «Көп жағдайда қоғам үшін айрықша маңызды, мемлекеттік мекемелер міндетті түрде жария етуге тиіс маңызды ақпараттар бүркемеленіп қалады». Осыған байланысты конгресс «лауазым иелерінің мемлекет және қоғам үшін айрықша маңызды ақпаратты дер кезінде бермегені үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейте түсетін» түзету енгізуге пейіл.
Сондай-ақ, Д.Назарбаева «журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының беделі түсу проблемасын» айрықша маңызды деп атады. Жалпы, шенеуніктер мен лауазым иелерінің іс-әрекеттері, заңдардың орындалмайтындығы, адам құқығының аяқ асты етілетіндігі туралы сыни мақалаларды журналистер жазбай жатқан жоқ, көп жазады. «Бойкүйез , біліксіз әрі консервативтік көзқарастағы әкімнің ебедейсіз әрекеттерінен бүкіл-бүтін ауылдар, аудандар мен елдімекендер зардап шегіп жатқаны туралы жазылып-ақ жатыр». Мұндай материалдар өте көп, бірақ, бір өкінішті жері, «жоғарғы билік органдары тарапынан бұған назар аударатын жан табылмайды». «Демек, журналистің айтқаны мен жазғаны құмға сіңген судай босқа рәсуа болуда»,- деді Д.Назарбаева. Айналып келгенде, биліктің мұндай әрекеті «журналистердің беделін түсіреді». Сол себепті «БАҚ туралы» заңда «лауазым иелерінің жауапкершілігіне қатысты талапты күшейткен абзал»,- дейді Конгресс атқару комитетінің төрайымы. «Бұл мәселелер «БАҚ туралы» жаңа заңның жобасында мейлінше қатқыл, барынша ашық көрсетілуі тиіс»,- деді Д.Назарбаева.

Перейти к новостям спорта