Қазақстан журналистерінің конгрессі Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін созуды өтінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің конгрессі  Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін созуды өтінді

Қазақстан журналистерінің конгрессі Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін созуды өтінді

Қазақстан журналистерінің конгрессі Елбасынан БАҚ-тар үшін Қосымша Құн салығы бойынша жеңілдіктерді 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін созуды өтінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетінен хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 464
Фото - Caravan.kz

Елбасының жеке бастамасының арқасында 1995-жылы республикамыздағы басылым түріндегі баспасөздер үшін нольдік ставкалы Қосымша құн салығын енгізу нәтижесінде көптеген газеттер мен журналдар өз экономикалық ахуалын нығайтуға мүмкіндік алды.

«Қазақстанның журналистер қауымдастығының бұл өтініші отандық бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және қолдау көрсетуге бағытталған салық заңнамасындағы аталмыш нормалардың мерзімі аяқталуға байланысты алаңдаушылықтан туындап отыр. Салық жеңілдігі туралы норманың жұмыс істеу мерзімі 2004-жылдың 31-желтоқсанында аяқталады».
Қазіргі қалыптасқан ахуал айғақтап отырғанындай, басылымдар мен телерадиохабарларын таратушы компаниялардың бюджеті әзірге жеке өнімдерді көп мөлшерде өндіруге, әсіресе, гуманитарлық және әлеуметтік сипаттағы бағдарламаларды, сондай-ақ, қазақ тілінде жоғары сапалы хабарларды шығаруға жеткіліксіз, дейді Қазақстан журналистері конгрессінің атқару комитетіндегілер.
Қазақстан журналистерінің конгрессі Елбасынан «Салық және басқа да бюджетке міндетті түсімдер туралы» ҚР заңындағы Қазақстандық басылымдар мен телерадиохабарларын таратушы компаниялардың өнімдерінен нольдік ставка бойынша Қосымша құн салығын салу туралы норманың күшінде болу мерзімін 2010-жылдың 1-қаңтарына дейін созу туралы мәселені қарауды сұрайды.

Перейти к новостям спорта