«Ең маңызды мәселе- қоғамдық телевидениені қаржыландыру көзі»,-деп атап өтті Д.Назарбаева. Оның айтуынша, қоғамдық телевидениені қаржыландырудың үш жолы бар:абоненттік төлем, энергетиктердің аударатын қаражаты және мемлекет тарапынан қолдау.
«Үшінші жолы(мемлекеттік қолдау-Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі) мүлдем тиімсіз, мемлекеттің араласуы «Қазақстан-1″ немесе басқа мемлекеттік телеарналарға ұқсас телеарна құруға әкеп соғады»,-дейді Д.Назарбаева. Оның пікірінше, қоғамдық телеарнаны қаржыландыру моделін «алдыңғы екі модельден қарастыру қажет».
Д.Назарбаеваның пайымдауынша, «қоғамдық телевидениені қазіргі телеарналардың бірінің негізінде ашқан дұрыс». «Жаңадан телеарна ашу бізге қиынға түседі, себебі жиілік тапшылығы бар»,-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті