Қазақстан журналистерінің конгрессі "Время" газетінің тілшісі Г.Бендицкийге қатысты істің реттелуіне атсалысуға әлі де дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің конгрессі "Время" газетінің тілшісі Г.Бендицкийге қатысты істің реттелуіне атсалысуға әлі де дайын

Қазақстан журналистерінің конгрессі "Время" газетінің тілшісі Г.Бендицкийге қатысты істің реттелуіне атсалысуға әлі де дайын

Қазақстан журналистерінің конгрессі "Время" газетінің тілшісі Г.Бендицкийге қатысты істің оңды реттелуіне атсалысуға әлі де дайын. Бұл туралы Қазақстан журналистерінің конгрессі атқару комитетінің арнайы мәлімдемесінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде «Ақжол» партиясы төралқасының Конгресске қатысты және «Время» газетінің тілшісі Г.Бендицкийдің үстінен қозғалған іс бойынша Конгресстің ұстанып отырған көзқарасына қатысты айтқан пікіріне түсініктеме берілген. Осы орайда естеріңізге сала кетсек, партияның танымал журналисті қорғауға үндеген мәлімдемесінде Қазақстан журналистерінің конгрессі бұл оқиғаға қатысы «үрейлі үнсіздік» танытып отыр делінген-тұғын.

Ал Қазақстан журналистерінің конгрессі (ҚЖК) болса, Г.Бендицкийге қатысты істің егжей-тегжейі ұйым атқару комитетінің былтырғы желтоқсан айында өткен кезекті отырысында талқыланғандығын еске салады. Қазақстан журналистерінің конгрессінің өкілдері онда журналист тағдарына қатысты алаңдаушылық білдіріп, аталмыш іске қатысты оқиғаның өрбу барысын қадағалап отыруға уәде берген. Ол тұста сот мәжілістері жаңадан басталған болатын.
Конгресстің атқару комитетінің пайымдауынша, Г.Бендицкийге қатысты ахуалға «түрлі дүбіржиын шақырып зікір салу да», әртүрлі «аңғал баланың айтатындары секілді» үндеулер жариялау да көмекке келе алмайды. «Егер «Ақжол» партиясы құруға құлшыныс танытып отырған қоғамдық комитеті осы тектес мәлімдемелермен шектелетін болса, одан нәтиже күтудің қажеті шамалы»,- делінген Қазақстан журналистерінің конгрессінің мәлімдемесінде.
Конгресс өкілдерінің пайымдауынша, басынан бұлт үйірілген әріптесімізге бірінші кезекте заңгерлік көмек қажет. Ал ондай көмекті жоғары кәсіби адвокат қана көрсете алады. Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, қорғаушының қызмет ақысы жоғары бағаланатындықтан, «Ақжол» партиясының қалтасы мұндай шығынды көтере алмайтыны анық. «Ондай атты күн туа қалса Қазақстан журналистерінің конгрессі қолұшын беруге қашан да дайын»,- дейді ҚЖК-нің атқару комитеті.

Соңғы жаңалықтар