Қазақстан журналистерінің одағы әріптестерді кәсіби ынтымақтастыққа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан журналистерінің одағы әріптестерді кәсіби ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан журналистерінің одағы әріптестерді кәсіби ынтымақтастыққа шақырады

Қазақстан журналистерінің одағы мен сөз бостндығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қоры журналистерді кәсіби ынтымақтастыққа шақырады. Бұл туралы бүгін, 27-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен "Әділ сөз" қорының төрайымы Тамара Калеева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Маусым 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

Баспасөз мәслихатына қатысушылар өз мәлімдемесінде журналистерді «жауапкершіліктен жұрдай сот отырыстарын көбейтуге» түрткі болып жатқан заңдардағы ақтаңдақтармен күресуге шақырды.

Журналистика күніне орай дайындалған бірлескен мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, «мардымсыз техникалық қателіктерге бола басылымның жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу, күмәнді негіздерге сәйкес БАҚ-тың меншік иелерін жойып жіберу және таралымды тәркілеу, ешбір түсініктеме берместен тіркемей шырғалаңға салу, радиожиіліктер үшін ұзақ жылдар бойы сарыла кезек күту, Қосалқы құн салығын қайтадан іске қосу деректерін «мемлекеттің марапаты» ретінде атауға болады».
Биылғы жылдың 6 айында елімізде түрлі себептермен 3 журналист қаза тапса, БАҚ-тың 9 қызметкеріне шабуыл жасалып, таралымды тәркілеп алуға қатысты 9 дерек тіркелді. Журналистердің кесірінен келді-міс делінген моральдық шығын көлемі 150 млрд. 243 млн. 90 мың теңгені құрады.

Перейти к новостям спорта