Қазақстан жылдың аяғына дейін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 21 халықаралық стандартты қабылдамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жылдың аяғына дейін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 21 халықаралық стандартты қабылдамақшы

Қазақстан жылдың аяғына дейін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 21 халықаралық стандартты қабылдамақшы

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан жылдың аяғына дейін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 21 халықаралық және ресейлік стандартты қабылдамақшы. Бұл туралы бүгін Астанада ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ІІ Еуразиялық форумда ҚР үкімет басшысы кеңсесінің мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серік Ахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына белсенді атсалысып келеді»,- деді республика парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитеінің төрағасы Серік Әбдірахманов форумның жалпы отырысын ашып сөйлеген сөзінде.

«Қазір біз ғаламдық ақпараттық технологиялар желісінің қарқынды даму кезеңіне куәгер болып отырмыз. Осындай жағдайда ақпараттық қауіпсіздікті сенімді түрде қамтамасыз ету жекелеген ел үшін де, жалпы әлемдік қауымдастық үшін де жалпы қауіпсіздік жүйесінде айрықша маңызды роль атқарады»,- деді ол.

Форумға Ресей, Қазақстан, АҚШ, Германия, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Канада және Беларусь сынды 9 елден 200-ден астам маман қатысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта