"Қазақстан-1" телекомпаниясының күзет қызметі КТК телеарнасының түсіруші тобын екі сағат бойы қамады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан-1" телекомпаниясының күзет қызметі КТК телеарнасының түсіруші тобын екі сағат бойы қамады

"Қазақстан-1" телекомпаниясының күзет қызметі КТК телеарнасының түсіруші тобын екі сағат бойы қамады

"Қазақстан-1" мемлекеттік телерадиокомпаниясының күзет қызметі КТК телеарнасының түсіруші тобын екі сағат бойы қамады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 709
Фото - Caravan.kz

КТК тілшісі Ярослав Красиенконың айтуынша, түсіруші топты ұстауға Алматы қаласы туралы болашақ сюжетке арнап «Қазақстан-1» телекомпаниясының ғимаратын түсіру түрткі болған. «Түсіруші Ломзар Люсан екеуімізді жұмысты доғаруға мәжбүр етіп, артынан күш қолданылады деп қорқыту арқылы ғимарат ішіне енуге «шақырды». Бірақ бізге ұсталу себебімізді түсіндірген жоқ»,- дейді Я.Красиенко.

Оқиға орнына келген Бостандық аудандық ІІБ-ның тергеуші тобы шиеленісуші тараптардан түсініктеме беруді талап етті. Осыдан кейін КТК телеарнасының түсіріші тобы қамаудан босатылды. «Қазақстан-1» телекомпаниясының күзет қызметінің жетекшісі Валерий Нестеровтың айтуынша, түсіруші топты қамауға алуға телерадиокомпанияның ішкі ережесіндегі бір талап себепкер болған. Онда атап көрсетілгеніндей, арнаның ғимараты мемлекеттік стратегиялық нысан болғандықтан, оны бейнекамераға түсіру үшін телекомпанияның басшылығынан рұқсат алу қажет.
«КТК»АҚ ақпараттық қызметінің бас редакторы Алла Бильская KZ-today тілшісіне берген сұхбатында оқиғаны былай деп түсіндірді: «КТК телеарнасының түсіруші тобы қала көшелерін, соның ішінде «Қазақстан-1» телекомпаниясының ғимаратын түсіріп жүрген. Біз мұндай оқиғаның болу мүмкіндігіне әлі сене алмай отырмыз. Өйткені, «Қазақстан-1″ телекомпаниясының аумағына заңсыз кіру оқиғасы болған жоқ».
А.Бильскаяның айтуынша, «нәтижесінде біршама сорақы жағдай қалыптасты». Бас редактор болған оқиғаға байланысты КТК телеарнасының өкілдері полицияға өтініш бергенін жеткізді.
«Біз әріптестеріміз тарапынан мұндай қарым-қатынас күткеніміз жоқ. Күні бүгінге дейін біздің арамызда журналистік ынтымақтастық болған»,- деді А.Бильская.

Перейти к новостям спорта