Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын дамыту - Каспий аймағындағы тұрақтылықты нығайтуда айрықша маңызды алғышарт болмақ - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын дамыту - Каспий аймағындағы тұрақтылықты нығайтуда айрықша маңызды алғышарт болмақ - ҚР президенті

Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын дамыту - Каспий аймағындағы тұрақтылықты нығайтуда айрықша маңызды алғышарт болмақ - ҚР президенті

Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын дамыту - Каспий аймағындағы тұрақтылықты нығайтуда айрықша маңызды алғышарт болмақ. Бүгін, 1-наурызда елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 664
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевтің Әзербайжан мемлекет басшысы ретінде елімізге жасаған тұңғыш сапарының маңызын жоғары бағалады. Қазақстан мемлекет басшысы : «екі ел халқын мәдениеті мен тарихының тамырластығы, біртұтас геосаяси кеңістікте орналасқандығы және екі мемлекет алдында тұрған мақсат-міндеттердің өзара ұқсастығы тіптен жақындастыра түседі»,- деп атап көрсетті.

Бұл орайда Қазақстан президенті тәуелсіз Әзербайжан мемлекетінің қалыптасуы мен Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынасын нығайтуда елдің бұрынғы президенті, марқұм Гейдар Әлиевтің қосқан зор үлесін ерекше атады. Н.Назарбаев Қазақстан халқы Гейдар Әлиевті құрмет тұтып, зор ілтипатпен еске алады деп атап өтті.
Елбасы екі елдегі экономикалық және саяси құбылыстар мен Қазақстан-Әзербайжан екі жақты қарым-қатынасының оң бағытта қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық төңірегінде әңгіме өрбіткен мемлекет басшылары бұл мәселе бойынша екі мемлекеттің әлеуеті әлі де сарқыла қоймағынын атап өтті. Президенттер экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының жұмысы тиімді болады дегенге сенім білдірді. Бұл комиссияның екінші отырысы 27-28-ақпанда Астанада өткен. Бұған қоса екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына Әзербайжандық компаниялардың еліміз рыногындағы қызмет аясын кеңейтуге ықпал етуге Қазақстанның әзірлік танытуы да түрткі болмақ. Ауылшаруашылығы және бірлескен кәсіпорындар құру саласындағы ынтымақтастық жемісті болуы тиіс. Атап айтсақ, Әзербайжан жағы елімізден астық сатып алуға қызығушылық білдірді.
Әзербайжандық фирмалар астық өнімдерін Ақтау теңіз айлағындағы астық терминалынан тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие болатындығы айтылды. Нәтижесінде олар астықты еліміздің Каспий теңізінен жырақта жатқан облыстарынан тасымалдау қиындығынан құтылады.
Екі мемлекет басшысы халықаралық саясатқа қатысты көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Әзербайжанның ұстанымдары бір арнада түйісетінін атап өтті. Мұндай тұжырым жасауға екі мемлекеттің халықаралық ұйымдар аясындағы табысты ынтымақтастық тәжірибесі дәлел болмақ. Бұл орайда Н.Назарбаев Азия кіші құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әмбебап құрылым болып табылатын Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі ұйымды құру туралы Қазақстан жағының бастамасына Әзербайжан тарапынан қолдау көрсетілгені үшін ризашылық білдірді. Өз тарапынан Елбасы Әзербайжанның Таулы Қарабах шиеленісін бейбіт жолмен реттеуге бағытталған талпыныстарына қолдау білдірді.
Келіссөздер барысында сондай-ақ, екі ел арасында мәдениет және өнер саласындағы, ТЮРКСОЙ аясындағы және екі жақты негіздегі ынтымақтастықтарды дамыту мәселелері де сарапқа салынды. Тараптардың пікірінше, мәдениет, ғылым, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді үкіметаралық бағдарламаға қол қою осы бағыттағы екі жақты қарым-қатынасқа тың серпін беруі тиіс.
Сөз соңында Н.Назарбаев Астанада Әзербайжан елшілігінің ашылуы да екі жақты байланыстарды нығайтуға түрткі болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар