Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының хаттамасына қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 532.74
  • 617.23
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының хаттамасына қол қойылды

Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының хаттамасына қол қойылды

Бүгін елордада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.

  • 9 Қараша 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа комиссияның тең төрағалары ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Беларусь Премьер-Министрінің орынбасары Михаил Русый қол қойды.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың болашақ бағыттары, екінші Қазақстан-Беларусь іскерлік форумын ұйымдастыру, өнеркәсіп, көлік және логистика, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп, энергетика, білім беру мен спорт салаларындағы ынтымақтастық талқыланды.

Бұдан бөлек, комиссия мүшелері екі ел арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын іске асыру бойынша 2012-2013 жылдарға негізделген бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау барысын қарастырды.