Қазақстанда 1 мыңнан астам сотталушы рақымшылықпен босап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 мыңнан астам сотталушы рақымшылықпен босап шықты

Қазақстанда 1 мыңнан астам сотталушы рақымшылықпен босап шықты

Қазақстанда жүзден астам сотталушыға рақымшылық жасаудан бас тартылды, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 30 Наурыз 2017
  • 277
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын іске асыру аяқталу сатысында. 2017 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша, ҚР Заңы іске асырылған сәттен бастап соттарда 12 мыңнан астам материал қаралды. Бұл ретте, республика бойынша түрмелерден бір мыңнан астам сотталушы босап шықты. Сондай-ақ сот шешімімен қоғамнан оқшауланбай жаза мерзімін өтеп жатқан және пробациялық бақылауға алынған бес мыңға жуық адам босатылды», — деп хабарлады ведомстводан.

Үш мыңға жуық жазасын өтеушінің, соның ішінде түрмедегі 1234 адамның жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылды. Бұл ретте, жүзден астам сотталушыға түрлі себептермен рақымшылық қолданудан бас тартылды. Олардың басым денінде жазасын өтеуші қылмысымен келтірген шығынды толық көлемде өтемеуімен байланысты.  

«Алайда, егер «Рақымшылық туралы» Заңда көзделген уақыт ішінде залал толық өтелсе, оларда сотқа қайта жүгінуге мүмкіндік пайда болады», — деп атап өтті ҚАЖ комитетінде.


 

Соңғы жаңалықтар