Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап астық экспорттауға жасалған тыйым жойылады - Мәсімов (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап астық экспорттауға жасалған тыйым жойылады - Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап астық экспорттауға жасалған тыйым жойылады - Мәсімов (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап астық экспорттауға жасалған тыйым жойылады. Бұл туралы сенбі күні астық нарығын реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жиналыс барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Егер біздегі астық кепілдендірілген тұрғыда ел ішінде болатын болса, онда біз ешқашан тыйым салмаймыз», — деді үкімет басшысы.

Бұл ретте премьер-министр елдің астыққа деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуден басқа астық пен нан бағасының қымбаттамауын да қадағалау қажеттігіне баса назар аударды.

«Ішкі астық нарығындағы баға ауытқамауы тиіс. Егер ауытқыған жағдайда, ренжімеңдер, барлығын жабамыз», — деп атап көрсетті премьер облыс әкімдеріне арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар