Қазақстанда 1 жылда 20 халықаралық байқау өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1 жылда 20 халықаралық байқау өтеді

Қазақстанда 1 жылда 20 халықаралық байқау өтеді

Қазақстанда 1 жылда 20 халықаралық байқау өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда елімізде дарынды жастарға кеңінен қолдау көрсетілуде. Елбасымыз Н.Назарбаев та Қазақстан мәдениетін дүниежүзіне танытудағы жастардың мүмкіншіліктеріне баса көңіл бөліп келеді.

«Мәдениет министрлігі тарабынан да  зор жұмыстар атқарылып жатыр. Бір жылдың ішінде халықаралық, республикалық деңгейдегі 20 байқау өтетін болады. Бұл да біздің жастарымыздың өз таланттарын кеңінен таныта түсуіне мүмкіндік беретіндігі сөзсіз», — деді ол.

Сонымен қатар министр өз  сөзінде Алан Бөрібаев, Мадина Бесбаева сынды қазақтың жас дарындары әлемнің атақты мәдени ошақтарында өнер көрсеткендігін атап өтті.


«Жалпы, барлық салада біздің талантты жастарымыздың мүмкіншілігін кеңінен танытуға жағдай жасалып жатыр», — деді А.Мұхамедиұлы.

Перейти к новостям спорта