Қазақстанда 13 млн тоннадан астам астық бастырылды - ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 13 млн тоннадан астам астық бастырылды - ҚР АШМ

Қазақстанда 13 млн тоннадан астам астық бастырылды - ҚР АШМ

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіндегі жағдаймен 13 млн 418,1 мың тоннаастық бастырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментіне сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың осы мерзімінде 13 млн 285,2 мың тонна астық бастырылған.

Мекеменің нақтылауынша, аталған мерзімде егіс алқаптарының 80,8% астық орылды ( 2007 жылы — 67,3%). Орташа шығымдылық бір гектардан 10,6 центнер (2007 жылы — 13 центнер) құрады.

Атап айтсақ, Қостанай облысында 4 млн 513,4 мың тонна ( егіс алқаптарының 88,1%), СҚО — 3 млн 753,8 мың тонна (78,7%), Ақмола облысында — 2 млн 789,3 мың тонна (79,9%) астық бастырылды.

ҚР АШМ мәліметінше, жалпы алғанда 2008 жылы егіс алқаптарының көлемі 16 млн 188,9 мың гектар болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар