Қазақстанда 14 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 14 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр

Қазақстанда 14 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр

 Қазақстанда 14 млн. гектар жер пайдаланылмай жатыр. Бұл туралы бүгін астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. 

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Біз басты ресурс жерді тиімсіз пайдаланудамыз. Тек сіздердің үш облыстарыңызда ғана пайдаланымайтын 3,5 млн. гектар жер анықталды. Жалға алған, бірақ пайдаланбайды. Бұған жол беруге болмайды. Жалпы, еліміз бойынша 14 млн. гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 5 млн. гектар жайылым жер пайдаланылмайды», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің алға тартқан деректеріне сәйкес, Қазақстанда шамамен 180 млн. гектар жайылым жер бар. Оларда бүгінде 6 млн. ірі қара, 15 млн. қой-ешкі өсірілуде. Ал Австралияда 20 млн. гектар жайылымда 27 млн. ірі қара мен 90 млн. қой өсіріледі.


Соңғы жаңалықтар