Қазақстанда 1,5 жылда 11 мың қылмысты полиция жасырып қалғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 1,5 жылда 11 мың қылмысты полиция жасырып қалғаны анықталды

Қазақстанда 1,5 жылда 11 мың қылмысты полиция жасырып қалғаны анықталды

1,5 жылда прокурорлар ішкі істер органдары есепке алмай, жасырып қалған 11 мың қылмыстық анықтады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 611
Фото - Caravan.kz

«Тек соңғы 1,5 жылда жасырылған 11 ымң қылмыс анықталды», — делінген Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Дүйсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.Тәжиннің қатысуымен Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен алқа мәжілісі өтіп, онда ішкі істер органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібі және құқық қорғау қызметіндегі баға беру өлшемін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Алқа жұмысына Бас прокуратура және ІІМ басшылары мен алқа мүшелері, облыс прокурорлары мен ішкі істер департаменттерінің бастықтары қатысты, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы облыстық, қалалық және аудандық буындардағы прокурорлар мен ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері қатыстырылды.

Құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қойылып отырған жаңа талаптар аясында, Мемлекет басшысының құқық қорғау қызметінің баға беру өлшемдерін жетілдіру, қылмысты жасырғаны үшін дербес жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қылмыстар мен оқиғалар туралы арыз-шағымдарды тіркеу, есепке алу және қараудағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады. Жиналыста есепке алу, тіркеу тәжірибесін жетілдіру және оған сапалы түрде жаңа көзқарас енгізу, қылмыстарды жасыру деректерін болдырмау жолдары талқыланды. Мәжіліске қатысушылар атап өткендей, мәселенің маңыздылығы мен өткірлігіне деген жалпы түсіністік қойылып отырған міндеттерді бірлесіп шешуге мүмкіндік беруі тиіс.

Қабылданып отырған шараларға қарамастан, ішкі істер органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібі аса өткір мәселе күйінде қалып отыр.

Соңғы бір жарым жыл ішінде ғана 11 мыңнан астам жасырылған қылмыс анықталды. Құқық қорғау қызметінің нәтижелілігін бағалаудың ескірген өлшемдері, соның ішінде қылмыстардың ашылу пайызы, сонымен қатар арыздарды қабылдау мен қараудың көпсатылы нысандарының болуы осындай жағдайдың негізгі себептері болып отыр. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту және арызды есепке алудан жасырып қалу тәрізді қылмыстарды жасыру әдістері неғұрлым кеңінен таралған.

Қалыптасқан жағдай түбегейлі өзгерістерге алып келетін жаңа шешімдер мен жүйелі шаралар қабылдауды қажет етеді. Осыған байланысты, құқық қорғау қызметін бағалау өлшемдерін өзгерту, сонымен қатар қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тіркеудің түбегейлі жаңа механизмдерін енгізу қажет деп шешілді. Тіркеу қызметтерінің жедел-іздестіру бөлімшелері мен жергілікті ішкі істер органдары басшыларының әсерінен тыс болуы қылмыстардың неғұрлым толық тіркелуіне септігін тигізеді.

Бас прокуратура қылмыстар мен оқиғалар туралы арыз-шағымдарды тіркеу және қарау процесіне инновациялық технологияларды енгізу жұмыстарын жүзеге асыруда, осының нәтижесінде әрбір арыз бен хабарламаның қаралу барысын шынайы уақыт режимінде мониторинг жасап отыруға мүмкіндік ашылды. Сонымен қатар, жақын арада хабарлама–талон беру жобасы жүзеге асырылмақ. Ол бойынша арыз беруші Интернет, SMS-хабарлама және call-орталық арқылы құқық қорғау органдарының арызын тіркегеніне көз жеткізіп, сондай-ақ оларды қарау барысын біліп, ол жөнінде қабылданған іс жүргізушілік шешіммен де таныса алады.

Мәжілістегі талқылау қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдарының басшыларына қылмыстарды есепке алудан жасырғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату, есепке алу-тіркеу тәжірибесінің жай-күйіне қатаң ведомстволық бақылау орнату қажеттілігі атап көрсетілді.

Барлық деңгейдегі прокуратура және ішкі істер органдарының басшыларына қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздарды электрондық тіркеудің, сондай-ақ ІІМ жедел басқару орталығының ақпараттық базасының мүмкіндіктерін тиімді қолдануды қамтамасыз ету ұсынылды. Қылмыстың жеткілікті белгілері болған жағдайда қылмыстық іс қозғау және қайталанатын тергеуге дейінгі тексерусіз тергеу амалдарын жүргізу туралы дереу шешім қабылдау қажет.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне тіркелген қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай есеп жобасын жасау тапсырылды.

Прокурорлардың алдына төменгі тұрған прокурорлардың жұмыс тиімділігін бағалау өлшемдерін қайта қарау, жергілікті жерлердегі есепке алу-тіркеу тәртібіне тиісті қадағалауды қамтамасыз ету, жасырылған қылмыс туралы анықталған әрбір дерек бойынша кінәлі лауазым иелерін жауапкершілікке тарту жөнінде міндеттер қойылды, деп көрсетілген бас прокуратура баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан хабарда.

Соңғы жаңалықтар