Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды - Күрішбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды - Күрішбаев

Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды - Күрішбаев

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 15,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жыл қатты елімізді жаппай, соның ішінде әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөліктерін қамтыған қуаңшылыққа байланысты ауылшаруашылығы үшін күрделі жыл болды, өсімдіктер жақсы дамымай, өңірлерде астықтың шықпай қалуына алып келді», — деді А. Күрішбаев.

Соған қарамастан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының егіншілері «жақсы түсім алып шыдады».

«Бүгінгі жағдаймен 14,4 млн гектардан, немесе егіс алқаптарының 92,4%-ынан дақыл жиналды, 15,6 млн тонна астық бастырылды, бұл жалпы алғанда ағымдағы жылға жасалған астық түсімінің болжамына жуықтайды», -деді министр.

Ол айтып өткендей, биыл республикада бункерлік салмағымен 17 млн тонна астық жиналады деп болжанған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар