Қазақстанда 17,2 млн. тонна астық жиналып, орақ науқаны аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 17,2 млн. тонна астық жиналып, орақ науқаны аяқталды

Қазақстанда 17,2 млн. тонна астық жиналып, орақ науқаны аяқталды

Қазақстанда орақ науқаны аяқталды. Бір гектардан орташа түсім 12,6 центнерді құрап, барлығы 13,6 млн. гектар алқаптан 17,2 млн. тонна астық жиналды. Бұл туралы бүгін, 7-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Биыл астықтың техникалық сапасы былтырғыға қарағанда жоғары болды»,- деді ол. Вице-министрдің айтуынша, егер 2002-жылы алқаптардағы астықтың желімтік қасиеті (клейковина) 23-24 % болса, 2003-жылы осы алқаптардағы бидайдың желімтік көрсеткіші 25-26%-ті құрады. Жалпы жиналған астық көлемінің 12,6 млн. тоннасы бидай, оның таза салмағы 12 млн. тоннаны құрайды. «Бидайдың 75%-і сапалық тұрғыдан 3-класстан төмен емес»,- деді вице-министр.

Үстіміздегі жылы еліміздегі егін шаруашылығын дамытуға бюджеттен 26 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді, соның ішінде көктемгі далалық жұмыстар мен орақ науқанына өсімсіз несие берілді. Себілген барлық тұқым мемлекет қаржысы есебінен тексерілді, элиталық және ерекше тұқым, минаралдық тыңайтқыштар, гербицидтердің жекелеген түрлерінің құны 40%-ке арзандатылды. Ауылшаруашылығының өнім өндірушілері 1249 комбайн, соның ішінде 481 комбайнды лизинг жүйесі бойынша сатып алды. 6 мемлекеттік МТС ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар