Қазақстанда 18 жоғары оқу орны Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 18 жоғары оқу орны Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды

Қазақстанда 18 жоғары оқу орны Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 18 жоғары оқу орны Университеттердің ұлы хартиясына қол қойды. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев кеше "Ғаламдану жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің дамуы" атты халықаралық ғылыми-техникалық конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 559
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі жыл сайын Қазақстанның 3 мыңдай студенті шетелдерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқанын айтты. Сонымен бірге, «еліміздің 17 мыңдай жастары өз қаржысының есебінен шетелдік колледждер мен университеттерде білім алуда. Жалпы алғанда еліміздің 20 мың студенті шетелдерде жүр», — деді ол.

Университеттердің ұлы хартиясының бас хатшысы Бастьян Бауман өз сөзінде : «Біздің басты құжатымыз, Университеттердің ұлы хартиясына әлемнің 80 елінен 600 аса университет қол қойған. Қазақстанның да көптеген университеті оған бірікті. Мен Қазақстанның Болон процессіне қатысу жөніндегі бастамасын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламын»,- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар