Қазақстанда 2002-жылы аң шаруашылығының ісін жүргізуге 188,2 млн. теңге жұмсалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2002-жылы аң шаруашылығының ісін жүргізуге 188,2 млн. теңге жұмсалды

Қазақстанда 2002-жылы аң шаруашылығының ісін жүргізуге 188,2 млн. теңге жұмсалды

Қазақстанда 2002-жылы аң шаруашылығының ісін жүргізуге жұмсалған жалпы шығын көлемі 188,2 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен 63,2 млн. теңге жұмсалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 19 Маусым 2003
  • 608
Фото - Caravan.kz

Агенттік деректеріне жүгінсек, өткен жылы аң шаруашылығы саласындаіы іс-шаралардан ел бойынша 103,7 млн. теңге пайда келген. Былтыр аң шаруашылығы саласындағы іс-қызметпен 123 кәсіпорын айналысты. Бұл салада 1,3 мың адам мен хайуанаттар әлемін қорғаушы 139 инспектор еңбек етеді.

Республика көлемінде аң аулайтын алқаптар ауқымы 270 млн. гектарды құрайды. Соның ішінде 48,5 млн. гектар алқапта тағы жануарларға санақ жүргізілді.
Санақ бойынша Қазақстанда тұяқты тағы хайуанаттардың жалпы саны 88 мың басты құрайды. Олардың арасында 28,3 мың елік, 17,1 мың киік, 10,1 мың жайран, 9,4 мың қабан, 9 мың сібір таутекесі тіркелді. Ал мамық жүнді аңдардың жалпы саны 2256,3 мың, құстар саны 8527,5 мыңға жетті.

Соңғы жаңалықтар