Қазақстанда 2003 жылғы жалпы ішкі өнім 4449,8 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2003 жылғы  жалпы ішкі өнім 4449,8 млрд. теңгені құрады

Қазақстанда 2003 жылғы жалпы ішкі өнім 4449,8 млрд. теңгені құрады

Қазақстанда 2003 жылғы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) мөлшері жедел алынған деректер бойынша 4449,8 млрд. теңгені құрады. 2002 жылғымен салыстырғанда, өсім 9,2% болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 725
Фото - Caravan.kz

ЖІӨ-нің 9,2%-тік өсімі өнім өндіру қарқынының өнеркәсіпте — 8,8%, ауыл шаруашылығында — 1,4%, құрылыста — 12,4%-ке артуына байланысты қамтамасыз етілді. Өнім мөлшерінің артуы қызмет көрсету саласында да, соның ішінде көлікте (7,8%), байланыста (24,8%), сауда саласында да (10,0%) тіркелді.

2003 жылы дефлятор жалпы экономика бойынша өткен жылмен салыстырғанда 107,9% құрады, соның ішінде тауар өндіруде — 107,0%, қызмет көрсетуде — 115,6%-ке жетті.
2003 жылы ЖІӨ-дегі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,0% және 51,5% болды. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,5%) саласы иемденеді.
Соңғы бес жылда ЖІӨ-нің қарқынды өсуі 2003 жылы 1991 жылғы деңгейден 6,3%-ке асуға мүмкіндік берді.
Жедел алынған деректер бойынша 2003 жылы ТМД елдерінің барлығында 2002 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің едәуір өскені байқалады (Түрікменстан жэне Өзбекстан бойынша деректер жоқ). ТМД бойынша ЖІӨ-нің нақты көлем индексінің орташа мәні 107%-ті құрады.
Ең жоғары өсім Арменияда (113,9%) тіркелсе, Әзербайжанда ЖІӨ-нің өсімі 111,2%-ті, Тәжікстанда — 110,2%-ті, Грузияда — 108,6%-ті, Украинада 108,5%-ті құрады. Ең төменгі өсім Ресейде (107,1%) , Беларусьта (106,8%), Қырғызстанда (106,7%) және Молдовада (106,3%) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар