Қазақстанда 2003-жылы ауыр қылмыстарды жасыру дерегіне байланысты 20 қылмыстық іс қозғалды- бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2003-жылы ауыр қылмыстарды жасыру дерегіне байланысты 20 қылмыстық іс қозғалды- бас прокуратура

Қазақстанда 2003-жылы ауыр қылмыстарды жасыру дерегіне байланысты 20 қылмыстық іс қозғалды- бас прокуратура

Қазақстанда 2003-жылы кісі өлтіру және ауыр дене жарақаты салдарынан зардап шегушінің қайтыс болуы тәрізді ауыр қылмыстарды жасыру дерегіне байланысты 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 2-наурызда алдын-ала анықтау, тергеу және сараптамалық мекемелердің зерттеуін тағайындау және оны жүзеге асыру барысында заңдылық сақтау проблемасына орай Астанада өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР бас прокурорының орынбасары Әбдірашит Жүкенов хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстарды жасыру ісімен тек құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері ғана айналысумен шектелмей, сараптама өткізуге тапсырма берілген сарапшы мамандар да шұғылданған»,- деді ол.

Ә.Жүкенов жария еткен мәліметке жүгінсек, 20 қылмыстық істің сегізі қазір сотқа жолданып, оның алтауы бойынша үкім шығарылды. Жасырылған қылмыстық істер бойынша үш сарапшы маманның үстінен іс қозғалып, олардың екеуі сот алдында жауапкершілік жүктеді,- дейді ҚР бас прокурорының орынбасары.
Сонымен бірге Ә.Жүкеновтың пайымдауынша, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері мен сарапшы мамандарды бұл жерде қылмыстық істерді «бас пайдасына бола» жасырды деп айыптауға келмейді. «Мәселе олардың немқұрайдылығы мен бойкүйездігінде жатыр»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар