Қазақстанда 2004-жылдың алғашқы жартысында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 проценттен асты - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2004-жылдың алғашқы жартысында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 проценттен асты - үкімет басшысы

Қазақстанда 2004-жылдың алғашқы жартысында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 проценттен асты - үкімет басшысы

"Биылғы жылдың 6 айында еліміздің негізгі макоэкономикалық көрсеткіші - Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 9 проценттен асты". Бұл туралы бүгін, 19-шілдеде ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Шiлде 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы жоғары өсім өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және сауда-саттық саласында сақталып отырғанын хабарлады. «Негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция мөлшері 12 процентке өсті. Сыртқы сауда айналымы 1,5 есе артты»,- деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Д.Ахметовтың айтуынша, «халықтың әл-ахуалына қатысты көрсеткіштер айтарлықтай өсті». «Жарты жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың нақты ақшалай кірісі мен айлық орташа жалақысы 14 процентке көтерілді. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздар саны 30 мың адамға азайды»,- деді Д.Ахметов.
Үкімет басшысының атап көрсетуінше, «жоғары экономикалық өсім осымен бесінші жыл қатарынан тіркеліп отыр. Бұл қазір дүниежүзіндегі жетекші мемлекеттерге тән жағдай».

Перейти к новостям спорта