Қазақстанда 2004-жылы 55 балабақша қайтадан жұмыс істей бастады - ҚР білім және ғылым министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2004-жылы 55 балабақша қайтадан жұмыс істей бастады - ҚР білім және ғылым министрі

Қазақстанда 2004-жылы 55 балабақша қайтадан жұмыс істей бастады - ҚР білім және ғылым министрі

Қазақстанда 2004-жылы 55 балабақша қайтадан жұмыс істей бастады. Бұл туралы бүгін, 14-қаңтарда БҰҰ Даму бағдарламасының адам дамуы бойынша 2004-жылға арналған "Баршаға арналған білім: жаңа мыңжылдықтағы басты мақсат" атты Ұлттық баяндамасының тұсаукесері барысында ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 539
Фото - Caravan.kz

Б.Әйтімованың мәліметіне сүйенсек, 2004-жылы елімізде мектепке дейінгі 117 мини-орталықтар ашылды. Олардың 67-сі ауылдық мектептердің негізінде құрылды. Министрдің айтуынша, 2004-жылы мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмыстарына 214,5 мың бала (2003-жылы 160,7 мың) қамтылса, 5-6 жас аралығындағы балалардың 63 проценті мектепке дейінгі міндетті дайындықтан өтті.

Ал баяндаманың тұсаукесері барысында сөз сөйлеген мәжіліс депутаты Виктор Егоров бұл сандардың ақиқаттығына шүбә келдірді. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып оның айтуынша, 2003-жылы 3-6 жас аралығындағы балалардың небәрі 22 проценті мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына қамтыла алған. Әйтсе де оның бағалауынша, «мектепке дейінгі дайындық ахуалы 90-шы жылдардың аяғымен салыстырғанда сөз жоқ жақсарды», ал ол кезде 5-6 жастағы бүлдіршіндердің 20 проценті ғана бұл мүмкіндікке қол жеткізе алған.

Перейти к новостям спорта