И.Кравченконың хабарлауынша, машина жасау саласындаы өндіріс өсімі 35,3 процентті құрады. «Егер 2002-жылы бұл салада өнім мөлшері 2 процентке кемісе, 2003-жылы керісінше өндіріс өсімі 20,7 процентке жетті»,- деді ол. Саладағы өсім негізінен мұнайгаз өнеркәсібіне арналған жаңа өнім түрлерінің өндірісін игеру (бұл саладағы өсім 2,1 есе артық), көлік құралдары мен электротехникалық өнімдерді өндіру мөлшерін арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
2004-жылы былтырғы жылғымен салыстырғанда химия өнеркәсібі саласындағы нақты өнім индексі 111,5 процентті құрады. Бұл өсімге фосфор, хром тотығы, күкірт қышқылы мен минералдық тыңайтқыштар өндіру мөлшерін арттыру есебінен қол жеткізілді.
Темір кенін өндіру мөлшерін 4,7 процентке, құрамында алтыны мен хромы бар кен түрлерін өндіру көлемін ұлғайту есебінен 2004-жылы тау-кен өнеркәсібі саласындағы өнім мөлшерінің индексі 102 процент болды. «Былтырғы жылмен салыстырғанда түсті металдар өндірісі 103 процент, қара металлургия саласындағы нақты көлем индексі 4,8 процентке артты»,- деді И.Кравченко.
Оның айтуына қарағанда, тоқыма және тігін өнеркәсібінде де өсімге қол жеткізілді. Бұл салалардағы өнім мөлшерінің индексі 2004-жылы 102,6 процент, тері, тері бұйымдар мен етік өндірісіндегі өсім 117,9 процент болды.
Ал ағаш материалдар, темір жол және трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар мен ағашталшықты плиталар өндірісінің қысқаруы есебінен ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі өнім мөлшері 8,3 процентке кеміді.
«Еліміз экономикасы үшін жер қойнауын пайдалану жобалары аясындағы отандық өнім мөлшерін арттыру үлкен септігін тигізер еді, алайда бұл саладағы проблемаларды шешу әзірге мүмкін болмай отыр»,- деді И.Кравченко.