Қазақстанда 2005-2007-жылдары кеденді жаңалауға 5,8 млн. доллар бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2005-2007-жылдары кеденді жаңалауға 5,8 млн. доллар бөлінеді

Қазақстанда 2005-2007-жылдары кеденді жаңалауға 5,8 млн. доллар бөлінеді

Қазақстанда 2005-2007-жылдары кеден қызметтерін жаңалауға 5,8 млн. доллар бөлінеді. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігі кеден комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Әбдішев "Тәуекелдерді бағалау және басқару негізіндегі кедендік бақылау: қолдану тәжірибесі және даму перспективалары" тақырыбы бойынша өткізілген семинардың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Наурыз 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

Б.Әбдішевтің айтуынша, бұл қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұл іске сырттан несие тарту көзделіп отырған жоқ.

Астанада өткен семинарда ЕурАзЭҚ-қа мүше Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің кедендік қызметтерінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйелерін қолдану тәжірибесі мен кеден қызметтерінің бұл бағыттағы іс-әрекеттерін үйлестіруді жетілдіру перспективасы талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша нұсқау қабылданып, соған сәйкес, «ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің кеден қызметтерінде тәуекелдерді басқару жүйесінің біріздендірілген тұжырымдамасын» жүзеге асыру одан әрі жалғасатын болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы республика үкіметі кеден инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бағдарламаны бекіткен. Ол Қазақстанның сыртқы сауда айналымы мен ел аумағы арқылы өтетін транзитті тасымал көлемін арттыруға ынталандыруы тиіс. Қазақстан Республикасында кеден қызметін дамыту туралы 2004-2006-жылға арналған бағдарламаға сәйкес кеден жұмысына ақпараттық технологияларды қолдану, кедендік процедураларды жеңілдету үшін барлық операцияларды автоматтандыру және олардың ашықтығын қамтамасыз ету межеленген. Тауар тасымалын бақылау тиімділігін арттыру және «жасырын транзитпен» күресу үшін еліміздегі кедендік бекеттерді тауар тасымалын бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықтау бағдарламасы қабылданды. 2005-2006-жылдарда кедендік бекеттерде контейнерлерді сканерлеу жүйесімен жабдықтау, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бойлай жаңа кеден бекеттерін салу жұмыстары жалғасын табады.

Перейти к новостям спорта