Оның айтуынша, 2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен еліміздегі 5000-дай мектеп Интернет желісіне қосылған. Бұл жалпы мектептер санының 62,4 процентіне тең. Сондай-ақ, Б.Әйтімованың айтуынша, республикамыздағы орта мектептерде 44 оқушыға 1 компьютерден келетін болса, 2007-жылы бұл көрсеткіш 35 мектеп оқушысына 1 машинадан келетіндей болуы тиіс.
Осыған байланысты оның мәлімдеуінше, «БҰҰ Даму бағдарламасының Ұлттық баяндамасында келтірілген деректер шамалы ескіріп қалды». Атап айтсақ, БҰҰ Даму бағдарламасының баяндамасында атап көрсетілгеніндей, 2003-жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы мектептерде орнатылған 53 562 компьютердің 6456-сы ауыстыруды талап етеді. Оның 3500-і , БҰҰ Даму бағдарламасы мамандарының бағалауынша, бүгінде пайдалануға жарамсыз болып қалған алғашқы буын машиналары болғандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процессіне енгізуде қиындықтар тудырып отыр.