Қазақстанда 2005-жылы 63 млн. тонна көлемінде мұнай өндіріледі деп болжануда - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2005-жылы 63 млн. тонна көлемінде мұнай өндіріледі деп болжануда - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Қазақстанда 2005-жылы 63 млн. тонна көлемінде мұнай өндіріледі деп болжануда - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі

Қазақстанда 2005-жылы 62 - 63 млн. тонна көлемінде мұнай өндіріледі деп болжануда. Бұл туралы бүгін, 28-қаңтарда Астанада парламент сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің айтуынша, 2005-жылы «компаниялардың нақты жоспарларына сәйкес» мұнай өндіру көлемі тым қомақты болмайды.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің айтуынша, «Қазақстандағы дәлелденген мұнай қоры 30 млрд. баррельді құрайды. Республика дәлелденген мұнай қоры бойынша алғашқы 15 елдің қатарына енеді». «Каспий қайраңын игеру барысында мұнай қорының көлемі шамамен 70 млрд. баррельге дейін артып, алынатын мұнай қорының мөлшерімен еліміз алғашқы ондыққа ілігуі мүмкін»,- деді ол.