«2006 жылы агентттік пен оның аймақтық басқармаларында 3723 орталық және жергілікті мемлекеттік органдар тексеруден өтті. Тексеру барысында 18 мыңнан астам заң бұзушылықтар тіркелген»,- деп көрсетілген хабарламада.
Тексеру нәтижесінде 1119 мемлекеттік қызметкер тәртіпке шақырылды. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, 17 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды.
Тәртіптік кеңестердің нұсқауларымен 2006 жылы 1503 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша, агенттіктің аймақтық басқармаларының жетекшілерінің алдына нақты міндеттер қойылды. Олар тәртіптік кеңестердің қызметін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік қызмет туралы заңның сақталуын бақылауды одан әрі дамытуға бағытталған.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, азаматтарды қабылдау және олардың шағымдарын қарастыру, БАҚ және бұқара өкілдерімен ықпалдастықты ұйымдастыру жұмыстарының сапасын көтеру күн тәртібіне қойылды. «Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің орталық аппарат пен агенттіктің аймақтық басқармаларында қолданылу аясын кеңейту, құжаттарды мемлекеттік тілге көшіруге бағытталған ықпалды шаралар белгіленді»,-делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті