Қазақстанда 2006-жылы жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 17,5 процентке артып, 14,8 млрд. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2006-жылы жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 17,5 процентке артып, 14,8 млрд. долларды құрады

Қазақстанда 2006-жылы жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 17,5 процентке артып, 14,8 млрд. долларды құрады

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2006-жылы жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 17,5 процентке артып, 14,8 млрд. долларды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Шұғыл мәліметтерге сәйкес, 2006-жылы инвестиция ауқымы 2005-жылғымен салыстырғанда 17,5 процентке өсіп, $14,8 млрд болды, ал 2005-жылы ол $12,6 млрд құраған»,- делінген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Мекеме ақпаратына сәйкес, шетелдік инвестициялардың үлесі 80 процент көлемінде сақталды. Жалпы инвестиция көлемінің 83 проценті пайдалы қазбаларды шығаруға жұмсалған. «Инвестиция салуда басымдық берілген сала — көмірсутегі шикізатының нысандары қалпында қалып отыр. Бұлардың үлесі жалпы инвестиция көлемінің 80 проценті деңгейінде»,- делінген құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта