Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды - үкімет болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды - үкімет болжамы

Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды - үкімет болжамы

АЛМАТЫ. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2007 жылғы мұнай саласынан түсетін кіріс жалпы кірістің 28 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктің бас қосуы аясында өткен "Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға шолу: қолайлы конъюктурадан экономиканы әртараптандыру мен инфрақұрылымның дамуына" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" барысында республиканың экономика және бюджетті жоспарлару вице-министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 27 Ақпан 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Егер 2006 жылы мұнай саласынан түскен кіріс жалпы кірістің 32 пайызын құраса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 28 пайыз көлемінде жоспарланып отыр»,- деді Бердібек Сапарбаев. «Бұл біздегі басқа да салалардың дамып келе жатқандығын көрсетеді»,- деп қосты ол.

«Үкімет басқа да салалардың дамуы үшін және басқа салалардан да ауқымды пайда түсуі үшін осы бағытта жұмыс істейді»,- деп атап көрсетті республиканың экономика және бюджетті жоспарлару вице-министрі Бердібек Сапарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті