Қазақстанда 2007 жылғы қаңтарда ақша массасы 2,9%-ға азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2007 жылғы қаңтарда ақша массасы  2,9%-ға  азайды

Қазақстанда 2007 жылғы қаңтарда ақша массасы 2,9%-ға азайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. 2007 жылғы қаңтарда банк жүйесіндегі таза ішкі активтердің азаюы салдарынан ақша массасы 2,9%-ға, 3608,0 млрд. теңгеге дейін азайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Айналыстағы қолма-қол ақша 0,2%-ға, 599,3 млрд. теңгеге дейін азайды, ал банк жүйесіндегі депозиттер — 3,4%-ға 3008,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Депозиттердің төмендеуінің неғұрлым жоғары қарқыны қаңтарда айналыстағы қолма-қол ақшаның азаю қарқынымен салыстырғанда ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің 83,8%-дан 83,4%-ға дейін азаюына себепші болды.

Ақша базасы сығымдалуының неғұрлым жоғары қарқыны 2007 жылғы қаңтарда ақша массасы көлемінің азаю қарқынымен салыстырғанда ақша мультипликаторы мәндерінің 2,47-ден 2,59-ға дейін ұлғаюына себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті