ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев жиналғандарға құжаттардың үлгілерін ұсынды. Ол сондай-ақ Ұлттық идентификациялық жүйені жасау бағдарламасының жобасы туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, ІD-картасы қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде, ал электронды төлқұжат 85 мемлекетінде пайдаланылуда.
Премьер-министр бағдарлама жобасын тұжырымды түрде мақұлдады. Ол биылғы тамыз айында үкімет отырысының күн тәртібіне енгізілетін болады. Даниал Ахметов Ұлттық идентификациялық жүйені енгізу үшін қажетті шараларға бағалау жүргізуге тапсырма берді.