Қазақстанда 2008 жылы 81 млрд кВт-сағ электр қуаты өндіріліп тұтынылады - Тұрғанов
Алматы. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы 81 млрд кВт-сағ электр қуаты өндіріліп тұтынылады. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар вице-министр Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біз 80-81 млрд кВт-сағ көлемінен артық емес электр қуаты өндіріледі деп ойлаймыз. Болжамдық көлем қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды. Оған себеп, Қазақстанда металлургия саласы мен құрылыс кешені, жалпы өндіріс саласы стагнацияға ұшырап отыр", -деді Д.Тұрғанов.
Вице-министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда электр қуаты 76 млрд 300 млн кВт-сағ өндіріліп, 76 млрд 400 млн кВт-сағ қуат тұтынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін