"Біз 80-81 млрд кВт-сағ көлемінен артық емес электр қуаты өндіріледі деп ойлаймыз. Болжамдық көлем қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды. Оған себеп, Қазақстанда металлургия саласы мен құрылыс кешені, жалпы өндіріс саласы стагнацияға ұшырап отыр", -деді Д.Тұрғанов.
Вице-министрдің айтуынша, былтыр Қазақстанда электр қуаты 76 млрд 300 млн кВт-сағ өндіріліп, 76 млрд 400 млн кВт-сағ қуат тұтынылды.