Қазақстанда 2008-жылға дейін кәсіби білім беретін 27 оқу орны құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2008-жылға дейін кәсіби білім беретін 27 оқу орны құрылады

Қазақстанда 2008-жылға дейін кәсіби білім беретін 27 оқу орны құрылады

АЛМАТЫ. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2008-жылға дейін мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттердің есебінен кәсіби білім беретін 27 оқу орны құрылады. Бұл туралы бүгін ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның жиналысында ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Хафиза Өтеулина құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Сәуiр 2006
  • 475
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге республикалық бюджеттің есебінен техникалық қызмет көрсету саласының мамандарын дайындау және қайта дайындауға арналған аймақаралық кәсіби 4 орталық құру көзделіп отыр, деді ол.

Сондай-ақ, Х.Өтеулинаның айтуынша, алдағы жылдары Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемелеріне қамту көрсеткішін 30 процентке жеткізу, 5-6 жастағы балаларды 70 процентке дейін мектепке дайындық аясына қамтуды біртіндеп жүзеге асыру межеленген. “2006-жылы республикалық бюджеттен балабақшаларды салуға 1 млрд. теңге бөлінді. Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтап қалуға тырысатын боламыз”,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2010-жылға дейін білім беру саласын дамытуға 330 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 175,8 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 155 млрд. теңге бөлінеді.

2010-жылға дейін білім беру саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 249 жаңа мектеп, оның ішінде республикалық бюджеттің есебінен 176 мектеп салынады. 2006-жылы бұл мақсатқа 15 млрд. теңге бөлінді. 2005-жылы елімізде 20 мың орынға есептелген 50 мектеп ашылды, 983 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді, 6,5 мың тектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Перейти к новостям спорта