Қазақстанда 2009 жылдан бастап кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2009 жылдан бастап кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесі енгізіледі

Қазақстанда 2009 жылдан бастап кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесі енгізіледі

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесі енгізіледі. Бүгін өткен үкіметтің отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесі «бір аялдама, бір терезе» принципін енгізуді, өткізу бекетіндегі қызметтердің санын азайту, олардың функциясын кедендік органдарға беруді көздейді», — деді бүгін үкіметтің отырысында сөз сөйлеген қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, бұл принципті енгізу заңнамаға «шекарадағы автокөліктерді өткізетін бекеттерде кедендік органдарға транспорттық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық, санитарлық-эпидемилогиялық бақылау функцияларын беру» жөнінде өзгерістер енгізуді талап етеді.

«Кедендік бақылаудың интеграциялық жүйесін енгізу шұғыл басқару орталығының базасында мекемеаралық мониторинг жүйесін құрып, рұқсат құжаттарының саны мен оларды беру мерзімін қысқартады, сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметін қоспағанда өткізу бекеттерінен бақылау функциясын жүк терминалдары мен кедендік рәсімдеу орталықтарына өткереді», — деді Б. Жәмішев.

Министрдің атап көрсетуінше, Қазақстанға мұндай жүйе құруды Дүниежүзілік сауда ұйымы ұсынып отыр. «Интеграциялық бақылау дегеніміз, шекарада өркениетті бақылау жүйесі бар елдердегі процедура», — деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті