Қазақстанда 2009 жылы 79,2 млн тонна мұнай өндіріліп, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық түсімі 243,7 млн теңге болмақ - Экономика министрлігінің болжамы (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2009 жылы 79,2 млн тонна мұнай өндіріліп, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық түсімі 243,7 млн теңге болмақ - Экономика министрлігінің болжамы (толықтырылған нұсқасы)

Қазақстанда 2009 жылы 79,2 млн тонна мұнай өндіріліп, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық түсімі 243,7 млн теңге болмақ - Экономика министрлігінің болжамы (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2009 жылы 79,2 млн тонна мұнай өндіріліп, пайдалы қазба өндіруге салынатын салық түсімі 243,7 млн теңге болмақ. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Бюджет түсімдері мұнай өндіру көлемінің 67,3 млн тоннадан 79,2 млн тоннаға дейін өсуі есебінен 125,2 млрд теңгеге ұлғайса, теңгенің долларға шаққандағы бағамының 121,5 теңгеден 123,5 теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 12,7 млрд теңгеге ұлғаймақ», -деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, Қазақстанда 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 81,3 млн тоннаны, 2011 жылы — 81,6 млн тоннаны құрамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар