Қазақстанда 2010 жылы 500-ге жуық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2010 жылы 500-ге жуық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады

Қазақстанда 2010 жылы 500-ге жуық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2010 жылы 500-ге жуық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Жалпы алғанда 2010 жылы елімізде 500-ге жуық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін болады», — деді З. Балиева.

Ол осы орайда елімізде қазір 263 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін, жылдың аяғына дейін ауылдар мен шалғай елдімекендерде «Қазпоштаның» жаңа үлгідегі бөлімшелерінің негізінде 100 орталық, ал 2009 жылы тағы да 148 орталық ашу көзделіп отырғанын жеткізді.

«Сөйтіп, өңір тұрғындары аудан орталықтарына бармай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін тұтына алады, сол арқылы республиканың барлық тұрғындары үшін сапалы мемлекеттік қызметке тепе- тең қол жеткізу мүмкіндігі туады», — деді З. Балиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар