Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды

Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды

АЛМАТЫ. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда 2010-жылы пайдалануға берілетін коммерциялық баспаналардың көлемі жалпы көлемнің 18 процентін құрайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайсар Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Ақпан 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Біз азаматтардың баспанаға қол жеткізе алу мүмкіндігіне ұмтылып отырмыз. Сонымен бірге, егер әлдекім бір шаршы метрі 5 мың доллар тұратын үй немесе пәтер сатып алғысы келсе, оған да таңдау мүмкіндігі берілуге тиіс»,- деді Қ.Омаров.

Оның айтуынша, 2004-жылы коммерциялық баспананың үлесі 27% болса, 2005-жылы пайдалануға берілген 5 млн шаршы метрдің аясында коммерциялық тұрғын үйдің үлесі 25%, немесе, 1,2 млн шаршы метрді құрады. 2006-жылы 6, 2 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтерді, соның ішінде коммерциялық баспанаға 24% тиесілі, немесе ол 1,5 млн шаршы метр болды. «Тұрғын үй көлемінің өсімі коммерциялық баспана көлемінің өсімінен озып келеді», — деді Қ.Омаров.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті