Қазақстанда 2011 жылы 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы өтеді - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2011 жылы 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы өтеді - СІМ

Қазақстанда 2011 жылы 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы өтеді - СІМ

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2011 жылы 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы өтеді. Ислам Даму банкінің Джидда қаласындағы бас пәтерінде жуырда өткен Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы хатшылығының жыл сайынғы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумының төрағасы Тун Муса Хитам Орталық Азияда тұңғыш рет «Мұсылман Давосын» өткізу жөніндегі Қазақстанның бастамасына жоғары баға берді. Ол Қазақстанның 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасауымен қатар мұсылман елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға септігін тигізбек», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Кувейтте «Ислам елдері -ғаламдық дамудағы серіктестер» ұраны астында 4-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы өтті. Оған 60 елден ислам әлемінің бизнес орталарының өкілдері, банктер мен сауда-өнеркәсіптік палаталардың президенттерінен құралған 400-ден астам делегат қатысты. Форум аясында Қазақстандағы 40-тан астам бизнес-құрылымдардың жетекшілері шетелдік потенциалдық инвесторлармен кездесулер өткізген.

Келесі жыл сайынғы 5-ші форумды 2009 жылы Индонезияда өткізу жоспарланған.

Ислам конференциясы ұйымына мүше 57 елде әлемдік мұнай қорының 70% мен табиғи газ қорының тең жартысы шоғырланған. Олардың жиынтық Жалпы ішкі өнімі $1,7 трлн, немесе әлемдік экономика көлемінің 8% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар