«Қазір бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісілуде. Заң жобасын парламент қолдаса, келесі жылдан бастап жылжымайтын мүлікке құқықты электронды тіркеу формасын енгіземіз, ол процедураның өзін түбегейлі оңтайландырып, бұл саладағы бұзушылықтарды барынша азайтады», деді ол «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.
Комитет жетекшісі еске салып өткендей, қазіргі уақытта нотариус жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу мәмілесін куәландырған соң жылжымайтын мүлікке құқықты әділет органдарында тіркегенге дейін 5 күн өтеді. «Бұл уақыт ішінде алдағысы келетін сатушы нотариус арқылы осы пәтерді сатқандығы туралы мәмілені екінші немесе үшінші рет куәландыра алады. Осыған жол бермес үшін біз электронды тіркеуді енгізіп отырмыз», деді М.Сексембаев осы орайда.
Ол атап өткендей, өткен жылдан бастап Қазақстанның нотариустері «е-нотариат» бағдарламасы арқылы Әділет министрлігінің деректер базасына ене алады.
Әділет органдары сондай-ақ мәмілелер жасасу жағын жеңілдетуді көздеуші өзгерістер енгізбек.
«Оған орай пәтер алатын азамат бірден нотариусқа бара алады, ол болса база арқылы пәтердің заңды таза екендігін тексеріп, жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі мәмілені бірден куәландыра алады».
М.Сексембаеватың айтуынша, қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік бойынша электронды анықтама алу қызметі ең керекті қызмет болып отыр, өйткені ондай анықтамалар мәміле жасау үшін де, жеңілдікпен үй алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін де талап етіледі.
Мәселен, биылғы жылдың қаңтар-мамырында ондай 1,55 млн аса анықтама берілген.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Мәдениет
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Мәдениет
24 Сәуiр