«Жалпы алғанда біздің есептеуімізше, елімізде 2012-жылға дейін қоршаған ортаны қорғауға барлық көздерден жұмсалатын шығындар Жалпы ішкі өнімнің қазіргі 1,2-ден 2 процентіне дейін өседі. Әлемнің бәсекелестікке мейлінше қабілетті елдерінен бұл мақсатқа Жапония Жалпы ішкі өнімнің 4,4%, Финляндия — 6% деңгейінде қаржы жұмсайды»,- деді Н.Ысқақов.
Министр Қазақстан аумағында коммуналдық тазарту құрылғыларын жаңалауға 60 млрд теңгеден астам, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигондарды салуға 36 млрд теңгеге жуық қаржы қажеттігін атап өтті.
Н.Ысқақовтың айтуынша, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қазір 2008-2010-жылдарда қалдықтарды басқарудың біртұтас жүйесін, сондай-ақ, қалдықтарды өңдеу кәсіпорындарының кешенін қолданысқа енгізуге бағытталған жобаны жасауда. «Қазақстанға қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен орналастырудың ең озық технологияларын тартуға мейлінше қолайды жағдай жасау мен қалдықтан биоотын мен электр қуатын алу режимін енгізу жөнінде ұсыныстар дайындалды. Мақсат — қалдықтар көлемін 2009-жылы 14 процентке дейін азайту»,- деді ол.
Мекеме басшысы қазір жергілікті бюджеттер жыл сайын экологиялық төлемдер түрінде 25 млрд теңгеге жуық қаржы тауып оытрғанын еске салды. «Бірақ өкінішке орай табиғт қорғау бағдарламаларына бұл қаржының небәрі 30 процентке жуығы ғана жұмсалады, осыған байланысты біз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына үлкен үміт артып отырмыз. Олар жергілікті деңгейде экологиялық жобаларды жүзеге асыруды өз мойнына алмақ»,- деді Н.Ысқақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті