Қазақстанда 2013 жылды Жастар жылы деп атау жөнінде ұсыныс жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2013 жылды Жастар жылы деп атау жөнінде ұсыныс жасалды

Қазақстанда 2013 жылды Жастар жылы деп атау жөнінде ұсыныс жасалды

Қазақстанда 2013 жылды Жастар жылы деп атау жөнінде ұсыныс жасалды.

  • 25 Қазан 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұндай бастаманы ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңестің көшпелі отырысында еліміздің шығыс өңірінің тұрғындары көтеріп отыр. Осы жайында бүгін өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Әсел Қапалова айтты.

«Шығыс Қазақстан облысының жастары алдағы жылды — Жастар жылы деп жариялау жөніндегі бастаманы көтеріп отыр. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша жастар үшін ресурстық орталықтарды құру, орталық және өңірлік деңгейлер үшін жастар саясатының индикаторларын әзірлеу тұрғысында ұсыныстар қабылданды»,-деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде өткен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңестің отырысында қатысушылар Жастар бастамасы мен ынтымақтастығын дамытудың қорын құру, сондай-ақ жастар жобаларын жүзеге асырудың мемлекеттік тапсырысын арттырудың қажеттілігі аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар